Кәсіпкерлік: Қызылорда облысы көш басында

353

0

Кәсіпкерлік:  Қызылорда облысы көш басында Қызылорда облысы кәсіпкерлік саласының дамуы жағынан бірінші орында. Бұл туралы өңірдегі кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі. 

«Жыл басында депутаттардың, қоғам­дық кеңес мүшелері мен бизнес-қауым­дас­тықтың бастамасымен облыста «Жаппай кәсіп­керлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Жақында қолыма республика көлемінде  өңірлерде кәсіпкерлік саласының даму барысы туралы статистика түсті. Сенесіздер ме, 7 айдың қорытындысымен Қызылорда облысы республика көлемінде бірінші орында. Жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны біздің облысымызда 10,8%-ке артқан, яғни орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге артық. Мына статистикаға қараңыздар: өткен жылы ғана біздің облыс 16 өңірдің ішінде 10-шы болған. Ал биыл бірінші орын!  Дегенмен, жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Әлі де алда атқарар жұмыстарымыз жеткілікті. «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» бас­та­ма­сының 3 жылға ұзартылған­ды­ғын ескерсек, аймағымызда жұмыссыз азамат­тардың қатары азайып, кәсіппен айна­лысушылар еселенеді деген сенім­демін», – дейді палата басшысы.

Ғалымбек Жақсылықов жыл басында өзін-өзі жұмыспен қамтыған, сондай-ақ жұмыссыз азаматтар саны облыста 97,5 мың болғанын, аталған мәселені шешуде «Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған жол картасының» айтарлықтай септігі тиіп отырғанын да жеткізді.

Жол картасы аясында қаржыландырудың барлық көздерінен облысқа 32 млрд теңге тартылған. Осы жылдың бірінші жарты­жылдығының өзінде «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 280 жоба қаржыландырылған. 

Өңірде ауылдағы ағайынның кәсіп ашуы­на жағдай жасалып, жеңілдетілген несиенің басым бөлігі де ауыл азаматтарына берілуде. Мәселен, биылғы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 1,8 млрд теңге ауылдық елді мекен жобаларын қаржы­ландыруға бөлінсе, 89,5 млн теңге қалалықтардың жобасына қарастырылған.

«СБ» ақпарат.

 

Аймақ

7 ай

2018 жыл

7 ай

2017 жыл

Өткен жылдың

сәйкес кезеңімен салыстырғанда %

1

Қызылорда

40 733

36 757

110,8

2

Астана қаласы

107 878

97 638

110,5

3

Маңғыстау

49 583

46 012

107,8

4

Атырау

45 816

42 843

106,9

5

БҚО

39 725

37 515

105,9

6

Ақтөбе

53 105

50 186

105,8

7

Жамбыл

62 460

59 012

105,8

8

Шымкент қаласы

58 280

105,2

9

ШҚО

87 184

83 168

104,8

10

Түркістан

127 810

104,5

11

Қостанай

51 078

48 979

104,3

12

Ақмола

44 235

42 623

103,8

13

Павлодар

42 994

41 489

103,6

14

Қарағанды

82 384

79 951

103,0

15

Алматы

115 070

111 933

102,8

16

СҚО

28 646

28 397

100,9

17

Алматы қаласы

170 574

172 880

98,7

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<