Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды

470

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Онда 4 мәселе қаралып, сала басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен салалық басқарма басшылары, онлайн режимде қала, аудан әкімдері қатысты.

Жиында алдымен 1 жел­тоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуел­сіздік күні мерекесін ұйым­дастыру мәселесі тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мерекені атап өтудің арнайы медиа-жос­пары бекітілетінін және атаулы мерекеде түрлі дең­гейдегі онлайн шаралар ұйым­дастырылатынын жеткізді. Бұл ретте имидждік медиа-өнімдер әзірленіп, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде ақ­параттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мереке қар­саңын­да өңірде тақырыптық онлайн іс-шаралар, білім беру ұйымдарында дәрістер, дөң­гелек үстелдер, имидждік жобалар ұйымдастырылып, онлайн концерттер, спектакль­дер, музейлерде онлайн экс­кур­сиялар, виртуалды көрмелер, онлайн спорттық жарыстар өтетінін жеткізді.

Екінші мәселе «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағ­дарламасының орындалу бары­сына арналды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­масының басшысы Гаухар Қалмақова бағдарлама шең­берінде 291 жобаға 40,1 млрд теңге бөлініп, тиісті жұмыстардың іске асқанын баяндады. Сонымен бірге жыл аяғына дейін бірқатар жобаларды аяқтау міндеті тұрғанын тілге тиек етті.

Бағдарлама арқылы әлеу­меттік-мәдени салада 126 жоба, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 42 жоба, инженерлік-транс­порт­тық салада 70 жоба, абаттандыру бағытында 53 жоба іске асуда. Бүгінде 291 жобаның 162-сі аяқталып, пайдалануға берілді. Нәти­жесінде 9553 адам жұмыспен қамтылды.

Басқарма басшысы еңбек биржасы арқылы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне де тоқталды. Өңірде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 188 адам жұмысқа орналасса, қоғамдық жұмыс­тарға 106 адам жіберілген. Ал, электрондық еңбек биржасы арқылы 134 адам жұмысқа қабылданды.

Мұнан кейін Қызылорда облысы бойынша тексеру комис­сиясының төрағасы Сәуле Құлымбетова 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағытының және «Жұ­мыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының» іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу барысын баяндады.

Үшінші мәселе мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту бағытында атқарылған жұмыстарға арналды. Басқарма басшысы Гаухар Қалмақова 2020 жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасын орындауға бөлінген қаржы көлемі 1,5 есеге артқанын жеткізді.

Бүгінгі күні өңірде 30283 мүгедектігі бар адам тіркелген. 9 ай ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 807 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылған. Ал, 6398 азамат электронды цифрлық қолтаңбалармен қамтамасыз етілген.

Жиын барысында облыс әкімі елді мекендерде инфра­құрылымдық жобаларды жүзе­ге асыру арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесін жал­ғастыру және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта жасау бағытында кешен­ді шараларды іске асыру қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге 3 желтоқсан – мүмкіндігі шектеулі жандардың халық­аралық күніне орай облыстағы ерекше жандарға көңіл бөлу қажеттігін қаперге салды.

Мұнан кейін облыстық қаржы басқармасының бас­шысы Елена Шаврова бюд­жеттің игерілу барысын баян­дап, көрсеткіштерге тоқталды.

Жиын соңында облыс әкімі жыл аяғына дейін маңыз­ды әлеуметтік және ірі инфрақұрылымдық жобаларды аяқтауды, бюджет қаражатын толыққанды игеру қажеттігін тағы да қаперге салып, сала басшыларына бірқатар тап­сырма жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<