ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАҢА ҮЙГЕ КӨШТІ

418

0

Бүгін Қызылорда қаласының Жаппасбай батыр көшесінде 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

Еске салсақ, 28 ақпан күні Титов кентінде орналасқан көпқабатты жатақхананың адам тұрмайтын бір бөлігі құлады. Осы оқиғадан кейін аймақ басшысының тапсырмасымен қаладағы 22 жатақхананың жағдайын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия қорытындысымен Титов кентіндегі 130 отбасы паналап отырған №32 жатақхана апатты деп танылды.

Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа шағын ауданнан «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынған жалпы саны 130 пәтер болатын 3 көпқабатты тұрғын үйден осы отбасыларға пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Сапалы да зәулім үйді мердігер мекемелер – «Дәнекер», «Орион ЛТД» және «Астана сервис» компаниялары салды.

– Біз жыл сайын мыңдаған қала тұрғынына пәтер кілтін табыстап, баспанаға мұқтаж жандардың сұранысын қанағаттандыруға бар күш-жігерімізді салып келеміз. Нәтижесі де жоқ емес. Мысалы, былтыр жыл соңында жалғыз баспанасы апатты деп танылған 309 отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды, – деді облыс әкімі.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<