Қазалы ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

376

0

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев белгіленген кестеге сәйкес өзінің алғашқы жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін мұқият тыңдады.


Тұрғындар тарапынан тұрақты жұмыспен қамту, тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру, әлеуметтік көмек алу сияқты бірнеше мәселелер қозғалды.


Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.


Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<