Telegram-да жаңа функция пайда болды

522

0

Telegram мессенджері пайдаланушыларға хабарландыру дыбыстарын жасауға, ескертулерді өшіру таймерлерін реттеуге және хабарламаларды автоматты түрде жоюға, бастапқы хабарламаны сақтай отырып жауап жіберуге, сондай-ақ жаңа буын боттарын әзірлеуге және пайдалануға мүмкіндік беретін жаңарту шығарды. Жаңа функция туралы мессенджер сайтында хабарланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, пайдаланушылар хабарламаларды толығымен немесе белгіленген уақытта өшіруге мүмкіндіктері бар. Жаңартулар хабарламаларды iOS-қа аудару мүмкіндігіне әсер етті, қолданылатын тілдердің саны артты.

Сонымен қатар, Telegram-ның жаңа нұсқасы телефон нөмірін өзгерту интерфейсін жаңартты, анимациялық эмодзилерді қосты және Android платформасының пайдаланушылары үшін «суреттегі сурет» режимінде ойнатқыш терезесін жақсартты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<