Қызылорда полициясы аулаларда қабылдау өткізеді

242

0

Қызылорда қаласы тұрғындарының және қонақтарының назарына!
Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Мұхитов Қайрат Болатұлының бастамасымен 11-12 сәуір күндері сағат 18:00-де облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің аулаларында «Аулаларда қабылдау» акциясы өткізіледі. 
Мақсат – полицияның ашықтығын қамтамасыз ету, аймақ тұрғындарымен тиімді байланыс орнату және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Акция облыс орталығында төмендегі мекен-жайлар  бойынша өткізіледі.
1. Қызылорда қаласы, «Ақмешіт» шағын ауданы №26 көпқабатты үйдің ауласы;
2. Қызылорда қаласы, «Шұғыла» шағын ауданы №26  көпқабатты үйдің ауласы;
3. Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі, №98 көпқабатты  үйдің ауласы;
4. Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, №20 көпқабатты үйдің ауласы.
Толғандырып жүрген сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріңіз болса, белгіленген орындарға келуге шақырамыз.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<