Жалағашта облыстық көшпелі алқа мәжілісі өтті

307

0

«Аймақ баспасөзі: дәстүр сабақтастығы мен жаңашылдық» атты облыстық көшпелі алқа мәжілісі Жалағаш ауданында өтті. Оған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев қатысып, бүгінгі БАҚ қызметі, оның ішінде «Сыр медиа» ЖШС мүмкіндіктері туралы айтты.

Алқа мәжілісте газеттің сайт қызметі туралы, ақпарат таратудағы жеделдік, газеттің мазмұндық, көркемдік сапасын жақсарта түсу секілді мәселелер қаралды. Серіктестіктің бас директоры Аманжол Оңғарбаев көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, алдағы міндеттерді нақтылады.
Баспасөзге жазылу, жарнама қызметі, баспасөздегі тақырыптық құндылықтар секілді мәселелер алқа мәжілісте қаралды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<