Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 05 желтоқсандағы № 674 қаулысы

327

0

«Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі №535 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағы 14-3) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 535 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:

15-тармақтың 14) тармақшасы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

«26-1) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».

2. «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары М.Ж.Жайымбетовке жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<