Қызылорда облысы әкімдігінің  2022 жылғы 13 қыркүйектегі  №630 қаулысы

368

0

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 тамыздағы №561 «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

15-тармақ келесі мазмұндағы 62-1), 62-2), 62-3), 62-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«62-1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы айналымына бақылауды жүзеге асырады;

62-2) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияны құрады;

62-3) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған уәкілетті органға (бұдан әрі – газ және газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган) облыстың аумағына сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді;

62-4) газ және газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті органға:

облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын;

облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді;

облыстың аумағында сұйытылған мұнай газының көтерме және бөлшек сауда бағалары жөніндегі мәліметтерді;

облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын жыл сайын ұсынады.».

2) Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы №1078 «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

15-тармақтан 22), 23), 24), 26), 27), 30), 31) тармақшалары алынып тасталсын.

2. «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» және «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы  қаулының  орындалуын  бақылау Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С.С.Қожаниязовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының әкімі               Н.Нәлібаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<