№153 ҚАУЛЫСЫ
«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2016 ЖЫЛҒЫ
9 ТАМЫЗДАҒЫ № 550 ҚАУЛЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ
Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 550 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі 15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«15. Функциялары:
1) облыстың, аудандардың аумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын облыстық мәслихатқа келісу үшін енгізу;
4) облыстық мәслихатпен келісілген, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсыну;
5) облыстар мен аудандар аумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларын, сондай-ақ халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың облыстық мәслихаттармен келісілген және кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен бас жоспарларының жобаларын және оларға енгізілетін түзетулерін әзірлеуді ұйымдастыру және оларды облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
6) екі және одан көп облыстың аумақтарын (не олардың бөліктерін), агломерацияны аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын келісу;
7) аумақтарды абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де құрылыс объектілерін, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
8) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас жоспарларының жобаларын облыс аумағы, резервтік аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ олар ықпал ететін аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебінен оларды дамыту бөлігінде келісу;
9) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келісу;
10) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабар беру;
11) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын бақылау және іске асыру;
12) аумақта құрылыс салу, құрылыс объектілерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), реставрациялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау, облыстық маңызы бар құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім қабылдау;
13) облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмысына жәрдем көрсету;
14) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін толықтыру, сондай-ақ оны мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер енгізу;
15) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорт құрылысжайларын жобалауға арналған техникалық ерекшелік пен техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келісу;
16) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
17) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалау алдындағы құжаттаманы және құрылыс жобасын қарау және бекіту;
18) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумақтарының шекараларын келісу;
19) облыстың бас сәулетшілеріне қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін енгізу;
20) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын әзірлеу және облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
21) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реновациялау объектілеріне инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды жүргізуді және (немесе) жаңғыртуды қамтамасыз ету;
23) мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру;
25) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес өзінің құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қарайтын әкімшілік істердің орындалуына (әкімшілік жазалардың қолданылуына) бақылауды жүзеге асырады».
2. «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі М.ЕРГЕШБАЕВ





