Рухани жаңғыру жолында

477

0

Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерін жүзеге асыруға ерекше мән берілген.Арал өңірінің бірегей мәдени құндылықтары әлемдік өркениет қазынасына енді. Ата-бабамыздың баға жетпес тарихи-мәдени мұрасын егжей-тегжейлі зерделеп, сақтап, ұрпаққа жеткізу – маңызды міндет.

Осы мақсатта 2020 жылы алты ежелгі тарихи ескерткішке – Бәбіш мола, Сортөбе, Жанкент, Сығанақ, Қышқала және Асанас қалаларына археологиялық зерттеулер жүргізілді.Соңғы жылдары бұл қалаларда археологиялық зерттеулермен қатар олардың инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қазба жұмыстары барысында республикалық маңызы бар Жанкент және Сығанақ ескерткіштерінің қорғау аймақтары анықталып, стелалар орнатылды. Археологтар қалашықтардың қорғаныс қабырғалары мен мұнараларын, тұрғын үй-жайларды және басқа да құрылыс құпияларын ашты.

Бастысы тарихи орындардың маңызды нысандары сақталды. Қазба жұмыстары барысында ерекше құнды мәдени кешен табылды. Орта ғасырларға жататын алтын әшекейлер, моншақтар, қыш ыдыстар, монеталар, сүйектен жасалған бұйымдар және басқалары археологтардың зор табысы болды.Арал өңірі аумағындағы қазба жұмыстары кезінде табылған барлық экспонаттар облыс мұражайларының қорларында мұқият сақталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз