Аңдамай сөйлеген…

2052

0

Екінші дүниежүзілік соғыста Германия тізе бүккеннен кейін оны жеңген одақтастар – Кеңес Одағы, Ұлыбритания, АҚШ, Франция лидерлері Берлин төңірегіндегі Потсдамда бас қосты. Тарихи конференция аяқталуға жақындағанда Ұлыбритания премьері Уинстон Черчилль өз елінде өтетін сайлау науқанына байланысты Лондонға жиналып, осыған орай әріптестеріне қонақасы берді.

Қонақасыда тілек айту кезегі үлкен соғыстың ұлы қолбасшысы Георгий Жуковқа келгенде, ол сөзін: «Жолдас Черчилльдің…» деп бастағаны сол еді, қасында тұрған Сталин: «Дос, жолдасты аяқ астынан таба қалған екенсің…», – деді кекесінді сыңаймен. Сталиннің өзгелерге естіртпей елеусіз ғана айтқан ескертуінен Жуков сол сәттен есін жиып алды да «Қарулас, майдандас жолдасымыздың денсаулығы үшін», – деп сөзіне әп-сәтте түзету енгізеді.

Сол дәуірдің тәртібі бойынша «жолдас» деген қаратпа сөз әдетте социалистік лагердегі елдердің азаматтарына, буржуазиялық сипаттағы ел басшыларына «мырза», «сэр» деген сөздер қолданылатын. Ескерте кетейік, бұл тұрғыда да Сталин ауыздан шыққан әрбір сөзіне әрдайым ұқыпты болатын.

Ж.АҚСАҚАЛОВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<