Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік ұйымын құруды ұсынды

443

0

  Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын құру қажет. Бұл туралы бүгін елордада өткен Астана клубының жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Меніңше, Азияға ұжымдық қауіпсіздік ұйымы қажет, оның пайда болуы да уақыт еншісінде деп ойлаймын. Бүгінде Азия құрлығының 30 мемлекеті қатысатын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі атты қазақстандық бастама болашақ Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының іргетасы бола алар еді», – деп атап өтті Елбасы. Қазақстан Президентінің айтуынша, Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бүкіл Еураазиялық субқұрлықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алар еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<