49,4 градус ыстық

682

0

АҚШ-тың ұлттық метеорология­лық қызметі хабарлағандай, өткен жексенбіде Вудленд-Хиллз округінде ауа температурасы 49,4 Цельсий градусқа дейін көтеріліп, рекордтық көрсеткіш тіркелген. Осы күнге дейінгі ең ыстық ай 2006 жылдың шілдесі болатын.

Ол кезде ауа температурасы 48,3 Цельсий градусқа дейін көтерілген еді. Сондай-ақ, Вудленд-Хиллзтен басқа, бұл күні Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласының басқа округтерінде де рекордтар жаңартылған.

Штаттың басым бөлігінде жоғары температура сақталатыны атап өтілді. Дегенмен, дүйсенбіден бастап ауа температурасы 10 градусқа төмендейді. Штат әкімшілігі тұрғындарға аптап ыстыққа байланысты электр қуатының өшуі мүмкін екенін ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<