Асыл адам айнымас

984

0

Ел аузында «Тау алыстаған сайын биіктей береді» деген бейнелі сөз бар. Қаншалықты шындыққа сыйысатындығын қайдам?! Тау етегінде тұрып, төбеңнен төніп тұрған кезінен алыстағанда үлкен көріне қоймас. Бірақ тау тұлғалы жақсыларымыздың қадір-қасиетін көз алдымызда, жанымызда жүргенде біле бермейтініміз рас, тек қасымызда жоқ кезінде ғана сезіне бастаймыз.

«Ісім – ізім» деп Әйтеке би айтқандай, саналы ғұмырында өз ісімен, адами қадір-қасиетімен ұмытылмайтын із қалдырған сондай жақсыларымыздың бірі, өткен жылы ғана ғасыр жасап өмірден өткен Бөрібай ағамыз еді.

100 жасқа екінің бірі емес, он мыңдаған адамның бірі ғана келеді. Ол – Алланың ерекше сүйген жанына ғана төрелеп беретін сыбағасы, басқалардан бөлектеу, ерекшелеу сыйы.

Бөрібай Құлманұлы аға­мыз замандастары, тағ­дыр­ластары сияқты балалық шағында тойып тамақ ішіп, бүтін киім киіп, балалықтың бал дәуренін сүре алмаған. Шаруа адамына жаудай тиген кәмеске зобалаңын, қазақты әлемнің 40 еліне тарыдай шашыратқан қуғын-сүргінді, қа­зақ­тың жартысын қырған қол­дан жасалған ашаршылықты, зиялылар тамырына балта шапқан реп­рессияны, адамзат тарихында бұ­рын-соңды болмаған ғаламат-зұл­мат соғысты, соғыстан ке­йінгі халық шаруашылығын қалпына келтірудің барлық қиын­­шылықтарын, қияметін қасі­­ретін көріп өскен ұрпақтың өкілі. Замандастарын, Бөрібай ағаны осыншама адам төзгісіз қиын­­дықтар, ХХ ғасырдың сон­шалықты қанды, қайғылы қасіретті оқиғалары езе, майыс­тыра, сындыра алмады. Қайта шыңдай, шынықтыра, қайрай түсті. Қажырлы, қайратты, тө­зімді, шыдамды, жоқтан бар жасай­тын жасампаз қайраткер етіп қалыптастырды.

Бөрібай аға – бүкіл саналы, мағыналы, мақсатты ғұмырында өз бақытын адал еңбектен, бейнеттен, табан ет, маңдай терімен тапқан ардақтыларымыздың бірі. Аға жасы ұлғайған шағында өңірі­міздің төрінде, халқымыздың ортасында мәнді-мағыналы, әдемі, жарасымды ақсақалдық, бата­гөй­лік, тілеуқорлық көшті бастап келді. Облыс жұртшылығына қалай қартаюдың, елге аға, жаға, пана ақсақал болудың тамаша үлгісін көрсетті. Бұл да бір адам өміріндегі ең жауапты, ең шешуші, қорытынды сын мен сынақтың бірегейі ғой. Бөрібай аға бұл сыннан да сүрінбей, мүдірмей өтті.

«Жүгіріп шығар төбе көп, асу бермес шың қиын, қартайған шал елде көп, ақсақал болу тым қиын» дегендей ақсақал бола білді. «Сүйекке барар нәрді жұлын арқылы, етке барар нәрді тамыр арқылы дарытқан құдіретті күшті табиғат, жүрекке барар нәрді ауа да емес, су да емес көңіл арқылы дарытқан» дегендей, аға екеуміздің бір-бірімізге деген көңіліміз жақын еді.
«Көңіл көңілден су ішеді» дейді ғой даналыларымыз. Осы­дан 3 жыл бұрын көзіне ота жасатып, облыстық медициналық орталығында ем­деліп жатқан Бөрібай ағамыздың жағдайын біліп, тілектестігімізді біл­ді­руге бардық. Ол кісі біздің келгенімізді көріп дереу орны­нан тұрып, орындықтарға жай­ғастырып, үстіндегі киімін тәр­тіпке келтіріп, төсегінің ше­тіне жайғасып барып жағдай сұрас­ты. Ағаның қасында біраз болып, енді қош айтысып қайтуға ынғайланғанымызда орнынан тұ­рып, біздің «шығарып салмай-ақ қойыңыз» деген өтінішімізге қарамастан, орталықтың екінші қабатынан сыртқа шығатын бас­палдаққа дейін келіп, риза­шы­лығын білдіріп, батасын берді.

«Ойпырмай, жасы ұлғайған адам бізді сол жатқан қалпында да қабылдап, сол жерден қоштасса да болар еді ғой» деген ойға келдік. Сөздің реті келгесін айта кетейін, осының алдында 7-8 ай бұрын ағайындардың атқарылатын іс-шарасына шақырушы ретінде үйіне бардым. Үйде жалғыз өзі жеңіл киімдерімен жүр екен. Мені үйге кіргізіп қонақ қабылдайтын бөлмеге жайғастырды да, өз бөлмесіне барып киімдерін толық ауыстырып, мұнтаздай болып киініп келіп, қасыма жайғасып барып жағдай сұрасты. Іштей «жаңағы үйде жүрген киімімен жүре берсе де болар еді ғой» деп ойлағаныммен, ағаның отының басына келген қонаққа деген құрметін және адами мәдениетінің биіктігіне тәнті болдым. Адамдық қалпын, табиғи болмысын, қазақи кеңпейілдігін сезініп бір көтеріліп қалдым. Сірә, «Асыл адам айнымас» деген сөз осындай кісілерге айтылған болар деп ой түйдім.

Осы орайда Сырдариялық ақын ағамыз Сейітмұрат Ембер­геновтың:

– Кім келсе де үйіңе, көсіліп
жатпағайсың,

Қазақтың кісі сыйлау, дәстүрін
сақтағайсың,

Қонақ келсе ұшып тұр, ол сенің
адамдығың,

Ойланбасаң осыны, көргенің
аз, қараңдығың, –

деген өлеңі ойға оралды.

Ұлттық сипат, қадір-қасиет­теріміз осы уақытқа дейін өлмей, өшпей жасампаздық таны­тып келе жатса, ол осы Бөрібай аға сияқты сирек саң­лақтарымыздың, толағай тұл­ғаларымыздың ар­қасы-ау деп ойладым. Аға даланың даналығын, қазақтың даралығын бойына терең сіңірген отты да, суды да, оқты да көрген данагөй ақыл мен парасаттың ашық сабағындай еді. Баяғыда Ақан сері дүние салып, қабірге түсіріп жатқанда бір кісі: «Мың кісілік Ақан ағам-ай, бір кісінің өлімімен кетіп бара жатқаның» деп жылаған екен. Сол айтқандай, Бөрібай аға да қазақтың бағына туған мың кісілік адам еді ғой.

Әріп ХОЖБАНОВ,

Сырдария ауданының

құрметті азаматы

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<