ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ

534

0

Өткен сенбіде облыс активі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Өмірхан Пашкеновті құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев оның саланы дамытудағы сүбелі еңбегіне тоқталды. 

Өмірхан Пашкенов еңбек жолын Ақтөбе облы­сында агроном ретінде бастап, Шиелі ауданында колхоз бригадирі, бас агроном, колхоз төрағасының орынбасары, аудандық мемлекеттік тұқым инс­пекциясының, ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы дәрежесіне дейін көтерілді. Соңғы 15 жылдан бері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында жұмыс істесе, соның 8 жылында басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

– Ол 40 жылдан астам уақыт бойы тек мамандығы бойынша еңбек етті. Білікті маман ретінде өндіріске жаңа технология тарту бағытында шеберлік танытты. Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарының алдында зор абыройға ие. Өндірістің ыстығына күйіп, суығына тоңып, саланың өзекті проблемаларын шешуде білімі мен тәжірибесін аяған емес, – деді облыс әкімі.

Өмірхан Пашкенов алдағы уақытта да бұл саладан қол үзбейді. Оған басқарма басшысының кеңесшісі қызметі сеніп тапсырылып отыр. Аймақ басшысы тәжірибелі маманға жергілікті атқарушы органдардағы жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыс етіп, иығына шапан жапты.

Назерке САНИЯЗОВА, 

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<