Елдің азаматы еді

2188

0

Сыр елі тағы бір ардақты азаматынан айырылды. Оның есімі халыққа жақсы таныс. Сәмит Далдабаев Сыр елі топырағында дүние есі­гін ашып, ұзақ жылдар бас­шылық қызметте болып, ел еңсесін көтеруде өз қол­таңбасын қалдырған айтулы азамат еді.

Ол адал еңбегімен туған еліне қалтқысыз қызмет ет­кен жылы жүректі жайсаң жан еді. Облыс экономикасы мен мәдениетін ілгері бас­тыруда жасаған еңбектері халық жадында сақталған.

Өмірде адамдардың ғұ­мыры сан түрлі жағдайда өр­биді. Сәкеңнің  өмір жо­лы бірыңғай тегіс болған жоқ. Бірақ қандай жұмыста, қандай қиын­шы­лықта бол­масын еңбекққорлы­ғымен, адамгершілігімен алып шық­ты. Барлық қызметін абы­роймен атқарды. Осы орайда тағдырдың қандай толқыны болса да сабырлылықпен кө­теріп, келешегін ой түбі­не сақтап, көптеген жақсы­лықтарға, мұрат-мақсат­та­ры­на қол жеткізіп отырған Сәмит Далдабаев бақытты ғұмыр кешті деп айта ала­мын.

Жақсы адамның бойында­ғы өмірге деген құлшыныс, дүние-мүлік пен байлыққа бой алдырмау, жақсыға жа­қын жүру, сыйласа білу тә­різді адами қасиеттерді Сә­кеңнің бойынан табуға бо­латын еді. Көпті көрген кө­ңіліне көп нәрсені түйген, жаны жайсаң, кішіпейіл адал еңбегімен абырой биігіне көтерілген азамат болғанын нық сеніммен айта аламыз. Сыр елі абыздарының бірі болған Сейілбек Шаухама­нов ағамыз кезінде С.Дал­дабаевқа “Ол іскерлікті асы­ғыстықпен, талапшылық­ты дөрекілікпен, кішіпейіл­ді­лік­ті жалпақшешейлікпен, тіл­алғыштықты қолбалалықпен шатастырмайтын басшы бол­ды” деп баға бергені есі­мізде. Ол кісіден асырып кім айта алған?

Ол әркез халыққа сый­лы болды. Қай жерде бол­масын адал қызметімен, адам­гер­шілік қасиетімен өзін сый­лата білді. Еліне қа­дірлі ет­кен аса кішіпейіл, аза­мат­тығы басым, өзін емес, өзгенің қамын ойлағыш шы­найы адал жан болуында. Ха­лықтың мұң-мұқтажын тыңдап, қолынан келгенше жақсылық істеп, жоқ-жұ­таң­дарға қолын созып жүрді. Сондай азамат еді Сәкең.

Қазақта “Елдің азаматы” деген ұғым бар. Бұл – екінің-біріне айтылмайтын сөз.

Сәмит Далдабаев тірші­лігінде осы ұғымға өзінің болмысымен, қадір-қасие­тімен сараланып ие болған жан десек, еш  артық айт­пағанымыз. Облыстың бір­неше ауданының “Құр­мет­ті азаматы” атануы осы сөз­де­ріміздің нақты дәлелі болса керек.

Өзің жақсы білетін, ұзақ жыл сыйлас болған жа­қын адамың қайтыс болған­да жан-дүниең құлазып, қабыр­ғаң­ның қайысатын­дығы заң­­ды құбылыс емес пе?! Елу жылдан аса бірге келе жатқан досым жайлы өткен шақта айту маған да оңай соғып отырған жоқ.

Достың да досы болады ғой. Сәкең – менің сыйласым, сырласым, қимасым, жан­ашырым болған жан. Жарты ғасырдан әрі бірге келе жатыр едік. Кейде кейбір ұсақ-түйек мәселелердің шешімін таппағанда өзімнен алты ай үлкендігі бар Сәкеңнің ақылына жүгінетінмін. Ол да  қолынан келген көмегін жасап, ақыл-кеңесін беруден жалықпайтын. Ол кісінің адами қасиеттерін сөз етер болсақ, қарапайымдылығы, туған-туысқа жанашырлығы, кішіні іні тұта білетін, үл­кенді аға тұта білетін кең­пейілділігін еске алатын бо­ламыз. Алдындағы ағала­рын құрметтеумен өтті. Сәкең өзінің еңбек жолын­да ха­лықпен тіл тауып, жұ­мыс істеуді үйреткен ақыл­шы-ұстаз ағаларын ба­рынша қадірлеп өткенін бі­леміз. Осы ретте оның Қозытай Әбуов, Қонысбек Қазантаев, Елеу Көшербаев, Еламан Жүнісбаевтар ту­ралы естеліктер жазып қал­дыр­ғанын атап өтпеске болмайды.

Отбасында өте жайлы, мінезге бай сырбаз жан бол­ғанын жақын араласқан қа­уым жақсы біледі. Ағайын-туыс, жора-жолдастарының жақсылығы мен жаман­ды­ғы­нан қалмайтын. Жаңа­қорғандағы қызметінен кет­кеніне отыз жылдан асса да, сол жақтың азаматтары осы уақытқа дейін қатынасып тұрды. Міне, бұл – ел аза­мат­тарының Сәкеңе деген құр­метінің, сыйластығының бел­гісі.  Осындай жан бүгін ара­мыздан кетіп отыр.

Бұл да тағдырдың жазуы. Оған кім қарсы келген? Осы орайда Сәкеңнің отбасына амандық тілеймін, қайғы сал­мағын азайтардай жақсылық-қуаныштары мол болғай де­гім келеді. Ендігі жерде қо­лымыздан келетіні,  жақ­сылығын дәріптеп, рухын асқақтату. Жаныңда жүрген жайсаң жанның қадір-қа­сиетін ол мәңгілік мекеніне аттанғаннан кейін көбірек сезіне түседі екенсің.        

Абыройлы еңбек еткен, өнегелі ісі көпке үлгі бо­лып, артына тәрбиелі із қал­дырған, жерлестеріне абы­ройлы да ардақты болған Сәмит Далдабаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды. Аға­мыздың мәңгілік мекені жарық болып, нұры пейіште шалқысын!

Тұрғанбай МАХАНОВ,

Қызылорда облысының Құрметті азаматы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<