Бақтыбай Бердібаев

Бақтыбай Бердібаев

66 жасқа қараған шағында ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі қаламгер Бақтыбай Смайылұлы Бер­дібаев өмірден озды.
ТАҒЫЛЫМ 18 қыркүйек 2018 г. 576 0

Үлгілі әке, жарасымды отбасы, жауапты маман

Осы бір қоңыр мінезді, қазақтың қара торы жігіті Ғалымжанның жақсы мінездері көп-ақ. Әсіресе, сыпайылығы, мәдениеттілігі, жауапкершіліктілігі оның негізгі қасиеті. Отбасында жақсы тәрбие көріп, онысын өзінің жас отбасысына сіңдіре білген, балаларына қамқоршы әке, жарына адал тірек, жұмысына адал жан болуы оның мерейін одан әрі асырғандай. Ілтипаттылығы да көрер көзге көрініп тұрады. Көбінесе, өзіміздің қасымызда жүрген азаматтардың жақсы қасиеттерін бағалай білмейтініміз бар. Қашан байқасаң да біртоға, қоқаң-соқаңмен ісі жоқ, қазақтың қарапайым ғана орта бойлы азаматы бүгінгі күні отбасында да беделді.
ТАҒЫЛЫМ 14 қыркүйек 2018 г. 167 0
Сыр мұнайының атасы

Сыр мұнайының атасы

Адамның қолына билік пен дүние-мүлік тигенде, басына сынақ түседі.  Сол сынақтан арына кір шалдырмай, қалпынан танбай, биігінен төмендемей өткен жандарды құрмет тұту ежелден салтымызға айналған. Сыр мұнайының бұлақ бастауында тұрған Есқожа Бергенбаевты аға буын мұнайшылардың «Есаға» деп қадірлеуінің сыры осында. Оның тағдырына «Құмкөлдің» қазығын қағу, Сыр бойындағы мұнай өндірісін сабақты жібіне дейін өз қолымен жабдықтау жұмысы бұйырды.  Бірақ, Есағаң билік пен дүниенің буына мастанбады, табиғатына тән парасат биігінен түспеді. Оны «жұртқа болсын» деп жарғақ құлағы жастыққа тимеген елгезектігі, айналасындағыларға мейірім-шапағатын төгіп жүретін ақпейілділігі сыйлы етті.
ТАҒЫЛЫМ 13 қыркүйек 2018 г. 178 0
Дирижер, композитор

Дирижер, композитор

Өткен жылдың қоңырқай күз айларының бірінде, қалта телефоным шырылдап қоя берді. "Аға, амансыз ба?" деген дауысынан тани кеттім. Оралдағы Еркін інім. Хал-жағдай сұрасқан соң Еркін өтініші барын айтты.
ТАҒЫЛЫМ 11 қыркүйек 2018 г. 181 0
«ШӘКІРТКЕ  ДЕГЕН ШЫНАЙЫ  ҚҰШТАРЛЫҚ  ШЫҢҒА ШЫҒАРАДЫ»

«ШӘКІРТКЕ ДЕГЕН ШЫНАЙЫ ҚҰШТАРЛЫҚ ШЫҢҒА ШЫҒАРАДЫ»

Қай заманда болмасын, ұстаз қауымын халқымыз кадірлеп, кастерлеп, төрден орын беріп келген. Облыс мұғалімдері арасында ең биік шыңдарға қол жеткізгендер аз емес. Соның бірі –  қала тұрғыны Тақан Көдебаева.Тақан апаймен жақында ғана таныстық. Өз басым әу бастан қариялармен әңгіме-дүкен құрғанды ұнатамын. Бұл кісі көпті көрген көнекөздердің санатында екеніне «ә» дегеннен-ақ көзім жетті.
ТАҒЫЛЫМ 11 қыркүйек 2018 г. 364 0

КӨПКЕ ҮЛГІ КЕЛЕЛІ ІС

Шиелі кентінің ардагерлері биыл ерекше бастама көтерді. Егін егіп, жұртқа үлгі көрсетуді ойлаған олардың өтінішіне сай аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ерте көктемде арнайы жер бөлуге тапсырма берген болатын-ды. Осы шаруаның басы-қасында жүрген кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдішүкір Батырбаевтың басшылығымен 9 гектар жер айдалып, арықтары тартылып, 44 ардагерге бірдей бөлініп беріледі. Көп ұзамай, өздерінің қалауынша түрлі дақылдарды орналас­тырып, күтімге алды. Арасында жұмыла жүріп, мал түспес үшін қора да жасауға үлгерді. Нәтижесінде бірінің қызанағы мен қияры ерте өнім бере бастаса, көп ұзамай сарыала әңгелек пен қауын-қарбызы да өздерінің тұтынуларына жарады.
ТАҒЫЛЫМ 11 қыркүйек 2018 г. 231 0

Жақсының аты өлмейді

Жүйіткіген жүйріктей, аққан жұлдыздай зулап өтіп жатқан уақыт-ай. Арамызда жүрген жақсы адам өмірден өтіп кетсе де, көңілден ешқашан өшпек емес. Оның артында ұстамы жақсы ұрпақ, қабырғаны қайыстырған қимастық пен Алатаудай сағыныш қалады. Өзінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаздың өмірден озғаны қабырғамызды қайыстырды. О бастан өлмек айқын. Бұл пәниде темір өзекті пенде жоқ. Өлмес адам елде жоқ. Өлімнен өтер өткел де жоқ. Бірақ төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей, жақын мен алысты бірдей тең көрген, елінің жігері, қоғамның тірегі бола білген Асқар Қалиұлын өлімге қию да, енді арамызда жоқ дегенге сену де қиынның қиыны.
ТАҒЫЛЫМ 08 қыркүйек 2018 г. 205 0
ЕЛ ЖАДЫНДАҒЫ ЕСІМ

ЕЛ ЖАДЫНДАҒЫ ЕСІМ

Бар өмірін туған жеріне, еліне қалтқысыз қызмет етуге арнаған қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Дәумен қажы Шоманұлының туғанына 90 жыл толды.Сонау 1980 жылдары Қазақ телевизия­сының редактор-тілшісі ретінде Сыр елінде іс­сапарда жүріп Жаңақорған ауданы кәсіподақтарының төрағасы, бюр Бар өмірін туған жеріне, еліне қалтқысыз қызмет етуге арнаған қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Дәумен қажы Шоманұлының туғанына 90 жыл толды.о мүшесі Дәумен Шоманов ағаймен кездесіп, сұхбат алған едім. Содан бері ағаға деген құрметім, ықыласым арта түсті.
ТАҒЫЛЫМ 08 қыркүйек 2018 г. 276 0
ҚАРЫМДЫ  ҚАРЖЫГЕР,  АБЗАЛ АЗАМАТ ЕДІ

ҚАРЫМДЫ ҚАРЖЫГЕР, АБЗАЛ АЗАМАТ ЕДІ

Қайран өмір-ай! Тіршіліктің жалған екендігін білеміз ғой, бірақ бір сәтте өте шығатынына сенгің келмейді, амал жоқ көнесің, қолыңнан келер басқа шара жоқ.Қарымды қаржыгер, мемлекет және қоғам қайраткері Құттықожа Ыды­рыс­ұлы әріптесімнің, інімнің бұл дүние­ден өткеніне 40 күн болып қалыпты-ау. Оның 67 жылдық өмірінде кейінгілер айта жүретін айшықты ізі қалды, кіршіксіз таза жолы қалды.
ТАҒЫЛЫМ 06 қыркүйек 2018 г. 438 0

КӨЗДЕН КЕТСЕ ДЕ, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС...

Абыз Абайды  «Мұн­дай да ажал көрдің бе, Тонаудан бір күн тынбаған?»  деп налыт­қан ажал ардақты Құт­тықожа Ыдырысов аға­мызды да арамыздан мезгілсіз, күтпеген жерден алып кет­кенін естігенде төбеден жай түс­кендей болған сол бір қаралы күннен бері де қырық күндей уақыт өтіпті...Ағамыздың ес біліп, алғаш ең­бекке аралас­қанынан күні кеше­ге дейінгі ғұмыры – бар­лық күш-жігерін, білімін, қабілетін елге қыз­мет етуге арнаған атпал азамат­тық­тың үлгісі.
ТАҒЫЛЫМ 06 қыркүйек 2018 г. 190 0