ЖАРЫҚТЫ БАСПАХАНАҒА БЕРІҢДЕР

266

0

Алпысыншы жылдар болса керек, Арал қаласы жарықты энергопоездан алады екен. Бірде қала энергия тапшылығына тап болып, біраз кәсіпорын, зауыттар тоқтап қалады. Электр жарығын үнемдеуге байланысты шектеулер енгізіледі. Осындай қарбалас кезде кешкілік энергопоезд директоры ауданның бірінші хатшысына шығады.

– Азғантай энергиямыз бар. Бірақ, екі мекеме қайта-қайта жарық сұрап тұр. Бірі – наубайхана, екіншісі – баспахана. Қайсысына берейік – дейді.

Сонда бірінші хатшы сәл ойланып:

– Бір күн наубайхана жұмыс істемесе ештеңе болмас, жарықты баспаханаға беріңдер, газеттің шығуы тоқтамасын – дейді.

Аупарткомның тапсырмасы орындалады, газет те шығады, кейін наубайхана да іске қосылады. Ол кезде заманның талабы солай ма, газет шықпай қалды деген үлкен саяси қателік болар еді.

 

Жұматәли ӘБДІРАМАН, 

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<