
Табиғат аясында сусиырлардың тісін ұсақ балықтар тазалайды екен. Ал зообақтың сусиырларының тісін қызметкерлер тазалайды. «Зообақ сусиырлардың тісін күніне 5-6 рет арнайы щеткамен тазалайды. Жамболат бұл процеске үйреніп алды. Ал жаңадан келген Шарлоттаға бұл таң нәрсе болып жүр», – деді зообақ қызметкері Михаил Сорокоумов.
Шөпқоректі жануарларға тіс тазалаудың қажеттілігі жоқ. Себебі, олар қабығы қатты ағаш бұталарын кеміргенде тістері өзі-ақ тазаланып кетеді. «Бүгін бірінші рет пілдердің тіс тазалау процесін түсіріп алдым. Олардың тістері өмірінде 4 рет алмасатынын ескерсек, пілдерді аса таза жануар деп атауға болады. Пілдердің рационына ағаш бұтақтары кіреді. Піл Лао жапырақтарды жеп болған соң бұтақты сындырып, одан тіс тазалайтын құрал жасап алды», – деді М.Сорокоумов.
Шанхай зообағында жануарлардың тіс тазалау процесі үлкен шоуға айналады. Оны көру үшін адамдар көптеп жиналады екен. Ал қолтырауын мүлде тісін тазаламайды екен. Олардың өмірінде тістері 2-3 мың рет ауысады екен. Кеміргіштердің де тісі үнемі желініп, қайталап өсіп отырады.
Жыртқыш аңдар болса тістерін қоректеніп жатқанда тазалайды. Жемтігін жеп жатқанда олардың тістері тері мен сүйекке үйкеліп, өзі-ақ тазаланады екен. Ал тісі сынып қалған жануарлардың одан ары өмір сүруі өте қиын. Себебі, тісі болмаған жағдайда жыртқыштар аң аулай алмай қалады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<