Бүгін – Ұлттық ғашықтар күні

1636

0

Бүгін қазақстандық жұптар Ұлттық ғашықтар күнін атап өтуде. Мұндай бастама 1999 жылы көтерілген болатын.

Мәңгілік махаббат символына айналған Қозы мен Баян күнін атап өту идеясын бірінші болып қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынды. Ол жастар ұйымдары, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарын Ұлттық ғашықтар күнін мерекелеуге шақырды. Бастамасы көптің көңілінен шыққаны рас, бірақ мерекенің нақты датасы көпке дейін белгіленбей, әр өңір әртүрлі тойлай бастады. Мәселен, Таразда 15 сәуір — Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні, Семейде 11 наурыз – Баян күні, тағы бір өңір 19 мамыр –  Қозы күні аталсын деп жан-жаққа тартты.

2011 жылғы қаңтарда Алматы қалалық мәдениет басқармасы, жастар саясаты басқармасы және әкімдіктің баспасөз қызметі шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күнін» енгізді. Бұл құжатқа сәйкес Ұлттық ғашықтар күні 15 сәуірде аталып өтілетін болып белгіленді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<