
Әлем Чемпионатының төрешілер корпусының жетекшісі Кен Астон жазалау шараларын барынша демонстративті еткісі келеді. Бірақ қалай жасау керек деп басы қатады. Қазір қолданып жүрген қызыл және сары қағаздар оның ойына көлік тізгінінде бағдаршам белгісіне тоқтап тұрғанында келген. Үйіне жеткен бойында Кен Астон әйеліне өз идеясын айтып, бірден қолдау табады. Жұбайы сол сәтте қызыл және сары картоннан екі қағаз жасап берген екен. Содан бері қызыл және сары қағаз футболдың ажырамас бөлшегіне айналды.
Массагет.кз сайтынан
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<