Музейдегі «Чайка»

867

0

Жақында өткен «Музейге сый» акциясында  жеке адамдар қолында және мекемелер қорында сақтаулы түрлі жәдігерлерді музей қорына тапсырды. Биылғы акцияның ерекшелігі,  халық жиналған экспонаттарды ашық аспан астында тамашалады. Қордағы тұрқы мен тарихы бөлек «Чайка» автокөлігімен және оның тарихымен танысты.

1959 жылдан 1988 жылға дейін «Горький» автомобиль зауытынан шығарылған жоғары техникалық деңгейге ие, ешқашан сатылымда бол­маған өте танымал «Чайка» темір тұлпары біздің музейге қайдан және қалай келді?

1985 жылдары Кеңес Ода­ғында қайта құру кезеңі бас­талды. Сол тұста  Сыр өлкесін мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбеков басқарды. Осы жылдары зауыттан шыққан небәрі төрт «Чайка» көлігінің бір данасы біздің аймаққа бұйырады. Бұл көліктің келуіне еліміздің бірнеше өңірінде басшылық қызметте болған, сол кездегі облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1989 жылдан Тәуелсіздік алғанға дейін облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Виталий ­Брынкин ықпал еткен.

Музейдегі «Чайка»

Акцияның құрметті қо­нағы болған, сол кездегі об­­лыс басшысының көлік жүр­­­­гі­зу­шісі ­Бауыржан Ос­па­н­­ов­­тың айтуынша, небір ше­тел­­дік брендтерді шаң қап­ты­ра­тын, техникалық сапасы мен қуаты жоғары «Чайканы» В.Брын­киннің тапсырмасымен өзі әкелген екен. Екі азаматты Мәскеу қаласынан генерал Максимов қарсы алып, «Внуково» әуежайынан кө­лікті үлкен әскери ұшаққа тиеп, өздерін басқа ұшаққа отырғызып, Байқоңыр қа­ласына аттандырады. Елге келген соң Байқоңыр қала­сынан Қызылордаға жет­кізеді. Қазақстан, оның ішінде Қызылордаға бұйырған бағасы құнды темір тұлпарды сол кездегі басшылар да көздің қарашығындай сақтайды. 2005 жылы сол кездегі облыс әкімі аппаратының басшысы Ғайнулла Жарқынбаевтың тапсырмасымен баланстан шығарылып, тарихи-өлкетану музейіне сыйға тартылады. Осылайша отыз бес жылдан бері музейдің құнды жәдігерлерінің бірі ретінде сақтаулы.

Акцияда «Чайканың» ең алғашқы жүргізушісі көлікке қатысты барлық естеліктерін, оның ерекшеліктерін айтты. Отыз бес жылдан кейін көлік руліне қайта отырды. Музей қызметкерлері кейбір деректерді ұсынды.

Эльзира Нағашыбайқызы,

облыстық тарихи-өлкетану

музейінің бөлім меңгерушісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<