12 жылда Қазақстан халқының саны 20% өскен

360

0

Сурет: Zakon.kz

Ұлттық статистика бюросы 2009 жылдан 2021 жылға дейін (12 жылда) Қазақстан халқы қанша пайыз өскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stat.gov.kz сайтында жарияланған 2021 жылғы халық санағының түпкілікті қорытындысына сай, 2009 жылдан бері қазақстандықтардың саны 20% артқан.

«2009 жылғы соңғы санақтан бері Қазақстан халқы 20% өсті. Осылайша, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі санақтың қорытындысы бойынша халық саны 19 186 015 адам болды», – делінген Ұлттық статистика басқармасы берген ақпаратта.

Үш аймақта халық саны 2 миллион адамнан асты:

  • Алматы облысында 2 146 576,
  • Түркістан облысында 2 054 021,
  • Алматыда 2 030 285.

Сонымен бірге Ұлттық статистика бюросы санақ аралық кезеңде халық санының ең үлкен өсімі мына өңілерде байқалғанын айтты:

  • Астанада екі есе (613 мыңнан 1234 мың адамға дейін),
  • Шымкентте 1,5 есе (730 мыңнан 1112,4 мың адамға дейін),
  • Маңғыстау облысында 1,5 есе (485 мыңнан 735 мың адамға дейін).

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында 2023 жылдың соңына қарай ел халқының саны 20 миллионға жететінін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<