27 жастағы қыз он күннен бері іздестірілуде

893

0

Қызылорда қаласында 27 жастағы қала тұрғыны он күннен бері іздестіріліп жатыр.

Облыс орталығында тұратын Нұрпейісова Жансая Маханбетжанқызы 25 сәуірде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған.

– Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы 1,55 -1,60 см, арық денелі, қара торы келген, шашы қара, бұйралау. Үстінде қоңыр түсті куртка, қара түсті шалбар, аяғында қара түсті туфли болған. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе қыздың жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242)-29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз, – деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан мәліметте.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<