95 жылдыққа 95 іс-шара өтеді

710

0

Биыл Арал қаласының іргетасы қаланып, қала болып құрылғанына 95 жыл. 1927 жылдың 1 қазан күні Арал қыстағы қала статусын алып, күні бүгінге дейін өсіп-өркендеп келеді. Осы орайда, ағымдағы жылдың қазан айында 95 жылдық мерейтойдың аясында ауқымды 95 іс-шара ұйымдастыру жоспарлануда.

Мерейтой аясында Арал қаласының 95 жылдығына орайластырылған облыстық жазба ақындар мүшәйрасы, Ә.Махановтың 100 жылдығына орай «Аралым айдын шалқарым атты» республикалық ақындар айтысы, Н.Кенжеғұлұлының 135 жылдығына орай «Мырзастан шыққан шайырлар» атты облыстық термешілер байқауы және барлық кітапханаларда кітап көрмелері өткізіледі.

Облыстық ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Мереке қарсаңында ат бәйгесін, оның ішінде тай жарысы, құнан бәйге, тоқ бәйге, аламан бәйгесін және қазақ күресінен республикалық жарыс өтеді.

Сондай-ақ, құрметті қонақтармен бірге қалаға кіре беріс аумаққа тал отырғызу шарасы ұйымдастырылады. «Арал антологиясы жинағы» әзірленіп беріледі.

Мереке күндері Қамыстыбас елді мекеніндегі дене шынықтыру сауықтыру кешенінің және Арал қаласында демеушілер есебінен салынып жатқан шағын футбол алаңының ашылуын ұйымдастырады.

Арал қаласындағы «Балықшылар аллеясы» мен «Жалаңтөс баһадүр» ескерткішінің ашылуы және Конту елді мекеніндегі тұрғын үйлерге ауыз судың іске қосылу рәсімі өтеді.

«Балықшылар аллеясының» ашылу салтанатымен қатар, аллея алыңында Арал өңірі балықшыларының VI слетін және Поволжье халқына 14 вагон балық жөнелткен қайырымды істің 100 жыл толуына мәдение іс-шара өткізу жоспарлануда.

Арал қаласындағы «Кәсіпкерлер үйінің», жеке кәсіпкерлердің бизнес орталықтары мен Бөген елді мекенінде жеке балабақша ашылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<