Әйелдер 8 наурызда қоғамдық көлікте тегін жүре алады

505

0

Сурет: pixabay

Ақтаулық әйелдер Халықаралық әйелдер күніне орай қоғамдық көлікте тегін жүре алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы lada.kz Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

«Ақтау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерінің айтуынша, №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 бағыттар бойынша әйелдер тегін жүре алады. Қоғамдық көлік тұрақты кестеге сәйкес 06:40-тан 21:00-ге дейін жүреді», – деп хабарлады әкімдік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<