Әйелін, баласын және балабақшадағы 37 адамды атып өлтірген

619

0

Таиландтың солтүстік-шығысында қайғылы жағдай орын алып, 37 адам қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұрын полиция қызметкері болған, кейін наркотик сақтағаны үшін істі болған азамат балабақшаға басып кіріп, оқ жаудырған. Салдарынан 37 адам қаза тапты. Оның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиелеуші топ бар.

Қылмыс жасаушы өзінің әйелі мен баласын да атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған.

Бұл ел тарихындағы ең қанды әрі қатыгез қылмыс ретінде тіркеліп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<