Аға ұрпаққа алғаусыз құрмет

1561

0

Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төраға орынбасары Гүлнар Есқалиева және облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев ұзақ жылдар бойы еліміздің болашағы – жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру ісінде ұлан-ғайыр еңбек етіп,  зор үлес қосқан ұстаз-ана, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің үздігі»  төсбелгісінің иегері – Бахит Дәуренбекқызын мерейлі 90 жасымен құттықтады.

Гүлнар Есқалиева: «Адам өмірінің асқар биігі – тоқсанның шыңына шығып отырған Сізді, көпшілік білімі терең әрі білікті ұстаз, ғұмырын білім және ғылым саласына арнаған зиялы тұлға ретінде таниды.Мемлекетіміздің кемел келешегі мен баянды болашағы, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, шәкірт бойына жақсы қасиеттерді дарытып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін математика ғылымын сіңірту жолындағы еңбегіңізге мың алғыс. Еңбегінің зейнетін көріп отырған шақта, Сіздерге қандай құрмет жасасақ та жарасымды. Қазыналы қарттарымыз аман жүрсіңіздер, ұрпақтарыңыздың қуанышына бөленіңіздер»-деп тілек білдірді. Және де «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлерімізге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қолдау көрсетудің ұдайы жалғасатынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<