Академияға құжат қабылдау басталды

24

0

Биылғы 1 сәуірден ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында академияның облыс бойынша филиал директоры Ақзада Мадалиева хабарлады.

Үміткерлер 1 сәуір мен 1 маусым аралығында admission.apa.kz ақ­параттық жүйесі арқылы тіркеліп, өтініш бере алады. Құжат қабылдау мерзімі – екі ай. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға 200-ге жуық, докторантураға 12 грант бөлінген.

– Биыл академияда білім беру бағ­­дарламаларының саны 14-ке дейін артты. Жаңа «EMBA Іскерлік әкім­шілендіру» және «DDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару» бағ­дар­ла­малары енгізілді. Сонымен қатар магистратурадағы грант саны 80 орынға көбейді. Кейбір бағыттар ғылыми-педагогикалық бағдарға ауыс­тырылып, оқу мерзімі ұзартылды, – дейді филиал директоры.

Оның айтуынша, «Мемлекеттік саясат» бағдарламасына түсу үшін ағылшын тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат міндетті талап ретінде енгізілген.

Академия магистратура және док­торантура деңгейінде кадр даяр­лайды. Магистратура бағдар­ламалары бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Сондай-ақ қызметпен қатар оқуға мүмкіндік беретін модульдік бағдарламалар қарастырылған.

– Қабылдау бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен үміткерлер анали­тикалық эссе жазады. Кәсіби және жеке құзыреттерін анықтауға бағытталған сұхбаттан өтеді. Докторантураға тү­сушілер үшін қосымша зерттеу жұмы­сының жоспары бағаланады. Бұл талаптар үміткердің дайындық деңгейін жан-жақты саралауға мүмкіндік береді. Құжат қабылдау 1 сәуірден 1 маусымға дейін болса, конкурстық іріктеу 5-19 маусым, алдын ала қабылдау 25 маусым, қорытынды қабылдау 10 шілде, оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, – дейді филиалдың аға оқытушысы Гүлсара Нұрова.

Үміткерлер барлық қажетті құ­жатты электронды форматта жүктеуі тиіс. Қабылдау нәтижесі конкурс қоры­тындысы мен сарапта­малық бағалаулар негізінде анықталады.

«СБ» ақпарат