Алматыға жарты жылда 1 млн-ға жуық турист келді

398

0

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Алматыға Ресейден келетін туристердің саны көш бастап тұр. Бұл туралы «Орталық Азия елдерінде туризмді дамыту» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Ешанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Алматыда биылғы бірінші жартыжылдықта келген туристердің жалпы саны 972 157 адамға жетті.

Оның ішінде шетелдік туристер саны – 261 571.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 72,6% көп. Ал ішкі туристер саны 710 586 болып, 14% өсті.

«Туристер санының жалпы динамикасы 25,5 пайызға өсті. Келушілердің ең көбі Ресейден – 39,2%, Қытайдан – 9,2%, Үндістаннан – 7%, Түркиядан – 6,6%, АҚШ – 3,4%, Оңтүстік Кореядан – 3,2%, Өзбекстаннан – 2,9%, Қырғызстаннан – 2,8%, Германиядан – 2,5% келген», – деді Ақмарал Ешанова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<