Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы

497

0

Достық үйінде облыстық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, облыстық, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Қызылорда облыстық ҚХА Аналар кеңесінің екінші жартыжылдық жоспары талқыланып, аналар Кеңесі мүшелерінің ақпараты тыңдалып, ұсыныстар мен ұсынымдар енгізіліп, облыстық, аудандық аналар форумын өткізу мәселесі мен «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асырылуы айтылып, кеңестің жұмыс жоспары бекітілді.

– Бүгінде Аналар кеңесі – облыс орталықтарынан ауылдарға дейін жеткен үлкен ұйым. Аналар кеңесінің алдында тұрған жұмыстар өте көп және сан алуан. Кеңес өкілдері біздің облыста болып жатқан барлық іс-шараларға, саяси-идеялық, әлеуметтік-мәдени жұмыстарға белсенді қатысады. ҚХА Аналар кеңесінің мақсат, міндеттері тек игілікті істермен айналысу», – дейді Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова.

Шарада сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов бірқатар аудандық кеңес төрайымдарына Алғыс хат табыстады.

Мұнан соң республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың көрінісі ретінде «Аналар кеңесі – игілікті істің төрінде» бейнеролигі қатысушылардың назарына ұсынылды.

Кеңейтілген отырыстан соң «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының» директоры Жандос Түсмағамбетов

«Коммуникативтік байланысты орнату – жетістікке жетудің маңызды тетігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<