«Антикорда істеймін»: Қызылордада полицияны алдамақ болған тұрғынның қулығы іске аспай қалды

967

0

Қызылорда қаласында жалған қызметтік куәлікпен жүрген 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәртіп сақшылары арнайы камера көмегімен Қызылорда қаласының орталығындағы көшелердің бірінде жол ережесін бұзған көлікті анықтады. Осыдан кейін полицейлер бірден заң бұзған ер адамды тоқтатқан. Патрульдер көлік иесін тоқтатқан сәтте жүргізуші өзін «Антикордың қызметкерімін» деп таныстырып, қызметтік куәлігін ұсынғаны белгілі болды. Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру кезінде куәліктің жалған екендігін анықтаған. «Айғақ заттар алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігімен тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, аталған жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<