Аппарат мәжілісі өтті

304

0

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Қала әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, жиынның күн тәртібінде екі мәселе, яғни орындаушылық тәртіп, 2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының Даму жоспарының Қызылорда қаласы бөлінісіндегі нысаналы индикаторларының орындалуы және «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы қаралды. Бірінші мәселе орындаушылық тәртіп бойынша қала әкімінің аппарат басшысы Абатов Жасұлан баяндама жасады.

Бүгінгі күнге дейін мәжілістерде берілген тапсырмалар, барлық деңгейдегі хаттамалық тапсырмалар арнайы ақпараттық жүйеге енгізіліп, күнделікті мониторинг жүргізілуде. Осы ретте, Жасұлан Уәлиұлы хаттамалық тапсырмалар мен хаттарды уақытылы орындамай мерзім бұзушылықтарға жол берген бөлімдерді атап өтті.

Өз кезегінде қала әкімі алдағы уақытта орындаушылық тәртіпте кемшіліктер болмауын атап өтіп, тапсырылған әрбір жұмыс, түскен арыз-шағымдар мерзімінде орындалуын қатаң тапсырды.

Келесі ретте, қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Роза Жүнісова 2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының Даму жоспарының Қызылорда қаласы бөлінісіндегі нысаналы индикаторларының орындалуы бойынша хабарлады. Баяндамашы дербес бөлімдердің нысаналы индикаторларды орындау барысын саралап, әрбір көрсеткішке талдау жасады.

Өздеріңізге белгілі халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органның бақылауындағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Биыл аталған бағытта қала көлемінде барлық бюджет көздерінен 9,7 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Нәтижесінде қаладағы ауыз су, кәріз желілері мен кәріз сорғы станцияларының тозу деңгейі төмендеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында биылғы жылы 3,7 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба әзірленді. Сәйкесінше, аталған жұмыстар келесі жылы да өз жалғасын табатын болады.

Осы ретте «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің директоры Бауыржан Әбдіғаппарұлы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға толығырақ тоқталып өтті.

Жиынды қорытындылай келе, шаһар басшысы Асылбек Өмірбекұлы көтерілген мәселелерге байланысты тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<