Апта ағымында

519

0

ҰЖЫМ БОЛЫП ТЫҢДАДЫ

Еліміздің саяси өмірін жандандырып, экономикалық-әлеуметтік дамуына тың серпін беретін Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын  аманттықтар ұжым болып тыңдады. Президенттің әрбір ұтымды ұсынысы ел ертеңі үшін аса маңызды. Аманаттықтар Жолдауда айтылған барлық әлеуметтік-экономикалық бастамаларды ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстарына кірісіп кетті.

40 ОҚУШЫҒА 20 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН КӨМЕК КӨРСЕТТІ

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясындағы дәстүрлі «Баланы мектепке даярлайық!» акциясына облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партия белсендісі Бақдәулет Махашовта үлес қосты. Ол жалпы құны 800 мың теңгені құрайтын 40 сертификатты өңірдегі әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына табыстады.

МАЙ ҚҰЮ БЕКЕТТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен мониторингтік топ мүшелері егін жинау науқанына орай жанар май құю станцияларындағы дизель отынының қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Мониторингтік топ барлық аудандарда жұмыс жасауда.

«БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен 15 тамыздан бастау алған «Баланы мектепке дайындайық!» республикалық акциясы қорытындыланды. Партияның облыстық филиалы акция аясында өңірдегі 1000-ға жуық оқушыны мектепке дайындауды жоспарлаған болатын. Партия белсенділері, бастауыш ұйымдар, мәслихаттардағы фракция мүшелерінің қолдауымен 1972 балаға мектеп құралдары мен формалары және сертификат түрінде қаржылай көмек табысталды. Мұнан бөлек акция аясында мектеп құрал-жабдықтарын сатумен айналысатын кәсіпкерлермен бағаны тұрақты ұстау және тауарлардың көпшілікке қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы базарлар жанынан жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ТҮНГІ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Облыстық  «Жастар рухы» жастар қанаты өкілдері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оқу маусымының басталуына орай жатаханалар мен жалдамалы пәтерлерге орналасқан студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында  түнгі рейд өткізді.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Партия алаңында Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Б.Шаменов пен  облыстық кірістер департаментінің басшысы Ғ.Орынов, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаев қоғамдық қабылдау жасап, азаматтарды толғандырған сауалдарға жауап берді. Қабылдаулар барысында кәсіптік нысан салуға жер телімін алу заңдылығы, баспанаға қол жеткізу, жас отбасылардың тұрғын үй алуына арналған мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік осал топтағы жандарға, жалғызбасты зейнеткерлерге салықтан қандай жеңілдіктер бар екені, тұрғын үйге салынатын салық салу базасының есептелуі, мүліктік табыс салығы жөнінде сауалдарын қойылып, сатушылар тарапынан фискальді чек бермеу мәселелері жөнінде шағымдар айтылды.

* * *

Жалпы апта ішінде, аймақтық және аумақтық филиалдар мен БПҰ-да кездесулер, тақырыптық қабылдаулар, фракция отырыстары, партиялық бақылау  және т.б. түрлі форматтағы 52  қоғамдық-саяси іс – шаралар ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<