15 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті

1053

0


Ақтау қаласында жоғалған 15 жасар қыз іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоғалған қыз баланың туыстары оның 4 сәуір күні сағат 14:30-да 13-шағынаудандағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтты. Қыз бала қызыл күртеше, қара джинсы шалбар және ақ кроссовки киген. Облыстық полициядан жасөспірімді іздеу жұмыстарына департаменттің барлық құрамы мен еріктілер жұмылдырылғанын хабарлады.

Жоғалған қыз бала туралы қандай да бір мәліметтеріңіз болса, мына телефон нөміріне хабарласуларыныңызды сұраймыз: 8708 946 20 89 немесе полицияның 102 нөміріне телефон шалуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<