Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды

250

0

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
 «Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.  Осы орайда Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметінен босатылды. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылы 6 тамыз – 2019 жылы 17 маусым аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Бұл лауазымға Ақтоты Райымқұлова тағайындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<