Атырауда 7-сынып оқушысы итеріп жіберген мұғалім жарақат алды

647

0

Атырауда 7-сынып оқушысы мұғалімді итеріп, еденге құлатқан. Қазір мұғалім емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 11 қазанда Атырау қаласындағы 24-орта мектепте болған.

«Тарих пәнінің мұғалімі 7-сынып оқушыларына бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын берген. Мұғалім оқушыға тапсырманы не себепті жазбай отырғанын білуге және орындауға көмектесу үшін жақындаған. Сол кезде оқушы мұғалімді дөрекі түрде итеріп жіберген. Соның нәтижесінде мұғалім еденге құлаған. Оқушының өрескел әрекетіне байланысты ата-анасы шақырылып, хабардар етілді. Оқушының ата-анасы мұғалімнен кешірім сұрады» -дейді мектеп директоры Х.Ли
Қазір тарих пәнінің мұғалімі еңбекке жарамсыз парағын аштырып, ем қабылдап жатыр. Мұғалім оң қолынан жарақат алған.
«Оқушы мектепішілік есепке алынды. Жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияға жолдау үшін оқушыға қатысты құжаттар дайындалып жатыр» -деп мәлім етті Х.Ли.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жарақат алған мұғалімнен шағым түспеген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<