Аудан әкімі үшем туылған отбасында болды

2983

0

Бүгін мерейлі мереке қарсаңында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев еліміздің демографиясына ерекше үлес қосып, дүниеге үшем әкелген Қалжан Ахун ауылының тұрғыны Бақытбек Қиясов пен Эльвира Әбдіғаппарованың отбасына арнайы барып құттықтады.

Аудан басшысы үшемдердің дені сау, ғұмыры ұзақ болсын деген тілегін жеткізіп, сәбилердің туу туралы куәлігін және сый-сияпаттарды тарту етті.

Сәуір айының жиырма екісі күні дүниеге Эльвира Әбдіғаппарова Нұрлыбек, Айсұлтан, Әділхан атты үшем әкелген болатын. Эльвира жұбайы Бақытбекпен бұған дейін отбасында 5 бала тәрбиелеп, қазіргі уақытта 8 баланың ата-анасы атанды.

Үшемнің анасының айтуынша, Нұрлыбек есімді сәбиін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының құрметіне қойған.

Айта кетейік, жыл басынан бері Сырдария ауданында 260 сәби өмірге келген. Оның ішінде 2-і егіз, 1-үшем.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<