Бақша дақылдарын орналастыру қарқыны жоғары

321

0

Кеше Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов елді мекендердегі картоп, бақша дақылдарын орналастыру жұмыстарының барысымен танысты.

Жұмыс сапарында Жаңадария ауылында диқаншы қауымның еңбегіне куә болып, тұқым егу жұмысына қатысқан Асқарбек Темірбекұлы елдің еңбегін брендке айналдыру мақсатында күре жолдың бойынан арнайы орын белгіленіп, сауда жасауға қолдау білдіретінін жеткізді.

Бүгінгі күні Жаңадария ауылдық округіндегі «Игенбай, Атжайған» учаскелерінде 30 отбасы 45 га жерге картоп, бақша дақылдарын орналастырған.

Бұндай ілкімді істер Таң ауылдық округінде де жалғасын тапқан, бүгінде 25 гектар жерге 55 отбасы бақша дақылдарын орналастырған.

– «Жалқаулықты жеңіп, адал еңбек жолына түскен ауыл тұрғындарының жаз бойы жасаған еңбегінің жемісі тек бір отбасын ғана емес, баға тұрақтылығын сақтай отырып аудан халқының жергілікті табиғи өнімді тұтынуына мүміндік береді» – деді, аудан әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<