Беташарда табаққа тоқты салды

703

0

Беташар рәсіміне келген жігіт келіннің сәлемі үшін ортадағы табаққа ақша емес, тоқты салды. Оның бұл әрекетіне бүкіл ауыл риза болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Беташардың осы сәтін қонақтардың бірі видеоға түсіріп алып, оны әлеуметтік желіге жариялап жіберген. Онда есімі аталып, келін сәлем салған соң ортаға шыққан азамат бір тоқтыны көтеріп алып, табаққа салмақ болады. Алайда асаба оны табақтың жанына қоюды сұрайды.

Видео Қызылорда облысындағы Қожакент ауылында түсірілген. Асабаның айтуынша, мұндай сый ауылдағы беташарға алғаш рет беріліп отыр.

Бейнежазбаны көрген желідегілер мәрттік танытып, бір малды сыйға тартқан жігітке риза болды. Ал енді бірі оның бұл әрекетін мақтаншақтық деп сөкті.

«Базар жоқ», «Жарайсыңдар», «Бұйыртса енді бұзау салады», «Ақшасын бере салса болады ғой, мақтаншақ», «Батыстағы беташарда бұлай жинамайды», «Той иесін сыйлаған ғой. Бар болса береді», «Тамаша» деп жазды желі қолданушылары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<