Биіктен құлаған құрылыс материалы 22 жастағы жігітті басып қалды

423

0

Шымкентте биіктен құлаған құрылыс материалы 22 жастағы жігітті басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Жергілікті телеарнада айтылған мәліметке сүйенсек, оқиға 16 қазан күні кешкі сағат 5-6 шамасында болған.

Бейнедегі кадрлардан құрылыс аумағында үш жұмысшының төменде тұрғанын көруге болады.

Ал, төбеден құлаған ағаш бірінің үстіне түсіп, басып қалған.

Салдарынан «Тұран 2» шағынауданындағы құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген 22 жастағы жігіт көз жұмды.

Қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады, бірақ егжей-тегжейлі мәліметті кейінірек беретін болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<