Бірқатар жол бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

490

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан «Самара-Шымкент» тас жолының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың Арал ауданымен шектесетін Ақтөбе облысының ауа-райы күрт бұзылған. Онда қатқақ болуы мүмкін.

«Осыған байланысты 9 қаңтарда елорда уақытымен 23.55-тен бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығына дизельді көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданының орталығына дейінгі аралықты қамтиды», делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Еске салсақ, осындай ауа райына байланысты аталған бөлікте 8 қаңтар күні көлік қозғалысына шектеу қойылып, кейін қайта ашылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<