Болат Өтемұратовтың қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 680 млн теңге қаражат бөлді

397

0

Фото: instagram.com/official.bulatutemuratov

Қор директоры Марат Айтмағамбетов су тасқынынан зардап шеккен ел тұрғындарына көмек көрсету үшін 680 млн теңге берілетінін айтты.

«Соңғы күндері біз миллиондаған отандасымыз сияқты үй-мүлкінен айырылып, су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына терең жанашырлық сезімін білдіреміз. Қаражат бірінші кезектегі қажеттіліктерді сатып алуға мүмкіндік береді деген үміттеміз. Қиын күндерден аман өтіңіздер», – деді Марат Айтмағамбетов.

Болат Өтемұратов атындағы қор табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен қазақстандықтарға жүйелі түрде көмек көрсететінін атап өткен жөн.

Айта кетейік, былтыр Болат Өтемұратов қоры Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге 5 млн доллар бөлген болатын. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<