Бұрынғы күйеуін өлтіруге тапсырыс берген азаматшаны құрықтады

267

0

  9 шілдеде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде өзінің бұрынғы жұбайын өлтіру үшін 20 000 АҚШ доллары сомасындағы қаражатқа Түркістан облысының тұрғынын жалдаған 48 жастағы азаматша анықталды. Орындаушы өз кезегінде жалған түрде өлтірген болып, полицияға арызданды.

Тапсырыс беруші жалдаған азаматты Шымкент қаласына шығарып салу  барысында Қызылорда қаласының шет аймағында оған 10 000 теңге көлемінде ақша беріп, қалған соманы жұбайының мүліктерін сатып болғаннан кейін беретінін жеткізді. Сол жерде ол полицейлермен құрықталды.

Ұсталған азаматша  күдікті ретінде танылып, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Азаматша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігінің (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<