Бүгін Сыр сахнасында алғаш рет «Жәмилә» премьерасы көрсетіледі

630

0

Биыл халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығы. Осыған орай, бүгін Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында махаббат пен достықтың айқын көрінісі бейнеленген жылдың алғашқы премьерасы «Жәмилә» туындысы сахналанады.

– Шыңғыс Айтматовтың әйгілі шығармасының желісімен Сыр өңірінде алғаш рет «Жәмилә» премьерасы өтеді. Елімізді ғана емес әлемді мойындатқан режиссерлармен жұмыс істеу біздің ұжым үшін үлкен мәртебе. Бұл қойылымға біздің актерлеріміз бен театр ұжымы үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Өздеріңіз білетіндей, бір қойылымды сомдап шығу әлбетте оңай емес. Үлкен қазанда піскен астың шикісі болмайды демекші, қазір жаңа актерлармен, драматругтармен үздіксіз жұмыс істеудеміз. Оыған дейін әбден уақыт сынынан өткен классикалық туындыларды енді көбірек халыққа ұсынуға тырысудамыз. Сондықтан бүгін сағат 19:00-де жаңа қойылымның премьерасын көруге шақырамыз, – деді Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының директоры Мұхтар Ниязов.

Брифинг барысында қойылым режиссері Дина Жұмабаева «Жәмиләнің» басты жаңалығымен бөлісті.

– Бұл шығарма Шыңғыс Айтматовтың ең алғашқы туындысы және әлемнің 150 тіліне аударылған. «Жәмилә» шығармасы Данияр мен Жәмилә арасындағы тәтті махаббат арқылы оқырман қауымды өзіне баурап алды. Осы әсерлі туындыны театр саханасында шынайы көрсету үшін барымызды салып жатырмыз. Бүгінгі премьераның басты ерекшелігі – қойылымға Ш.Айтматовтың көркемдік стилін қостым. Сондай-ақ, спектакльде ерекше суреттерде көрініс табатын болады. Әртістер өздерінің рөлдерін жетілдіріп, көрермендерге эмоция сыйлайды деген ойдамыз, – деді Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері Дина Жұмабаева.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<