COVID-19: Тәртіп – басты талап

242

0

Әлем елдерінде COVID-19 вирусын жұқтырған халық саны тағы да көбейіп, сақтық шаралары күшейтіліп жатыр. Әсіресе, Еуропа елдеріндегі эпидемиялық ахуал асқынып барады.

Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген. Бұған дейін ара-тұра ел аузында айтылып жүрген осы қорғасын ойдың дәл қазіргі уақытта біздің ел үшін құны алтыннан да қымбат екені байқалып отыр.

Тәртіпке бас иіп, қауіпсіздікті қаперден шығармайық! Туған-туыспен ақылдасып, бір-біріңіздің ойыңызды мақұлдасып, той-жиынды кейінге шегеріп, көпшілік жерлерде абай болайық, бетперде тағуды естен шығармайық! «Құдайсыз қурай сынбайды» деген елдің ұрпағымыз. Ауруды берген Алланың шипасын да беретініне сенімді болайық! Ал, алғашқы шипа – темірдей тәртіп.

Бауыржан МАСТЕКОВ,

Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз