«Денесі судан табылды»: Ер адам қызының өліміне құдаларын кінәлады

304

0

Фото: Kabarlar_tv

Қырғызстанда 19 жастағы қыздың денесі судан табылған еді. Қаза болған қыздың әкесі құдаларын кінәлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы eldik_kabarlar Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Жоғалғанына 1 айдан асқан Әсел Жанарбектің денесін кеше каналдан тапқан. Қыздың әкесі бұл іске күйеу баласы мен оның ата-анасының кінәлі екенін айтты.

«Бәріміз іздеп судың ішінен таптық денесін. Экспертизаға беріп жатыр. Бәрі әділ болса екен. Күйеу бала мен құдалардан да сұрақ-жауап алсын. Барлық жағдай солардың үйінде болды ғой», – дейді қыздың әкесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<