Димаш Құдайберген атасын ақтық сапарға шығарып салды

609

0

Фидеодан алынған кадр/instagram.com/shyndykz

Әлеуметтік желіде Димаш Құдайберген мен әншінің туған-туыстарының Құдайберген Айтбаевты ақтық сапарға шығарып салған сәті бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 маусымда танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде марқұмның жаназасы шығарылып, оны жақындары мен туыстары ақтық сапарға шығарып салды», – делінген видео сипаттамасында.

Жаназа рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысқан.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы танымал әнші, өнер қайраткері Димаш Құдайбергеннің атасы – Құдайберген Айтбайұлының дүниеден өтуіне байланысты Айтбаевтар әулетіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<