Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясын алды

401

0

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның есімі «Болашақ» стипендиясының иегерлері тізімінде көрсетілген.

Еске салайық, 2022 жылдың үшінші легінде шәкіртақы 178 қазақстандыққа берілген. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<